2021 жылғы 12 ақпанда ҚарТУ жанындағы ЖБТ–ОӘБ Кеңесінің отырысы өтті. Оған жетекшілік ететін бағыттар (Білім беру бағдарламаларының топтары) бойынша ОӘБ құрамына кіретін 10 ЖОО өкілдері қатысты.
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының ұқсас топтары сәйкестігінің әдістемелік ұсынымдарына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.
Отырысты ОӘБ – ҚарТУ жетекшісі Ю.Н. Пак ашты, ол ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім алушыларды бакалавриатқа қабылдау үшін дайындық шараларын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. ОӘБ-ҚарТУ ЖБТ Кеңесінің 33 мүшесіне 10 ЖОО-дан төрт білім беру бағдарламалары «Әдістемелік ұсынымдар» жіберілді. «Механика және металл өңдеу», «Тау — кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру», «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)», «Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар» бойынша 8 ЖОО ЖБТ ОӘБ-ҚарТУ кеңесінің мүшелерінен ұсыныстар алды.
«Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша «Сәйкестік кестесіне» ТжКБ-ның 32 мамандығы ұсынылды. Толықтырулар енгізілді. Талқылауға М. Ибылаев (М.Х. Дулати атындағы ТарУ), Пак Ю.Н. (ҚарТУ), Жаркевич О.М. (ҚарТУ), Ахметова Н.К. (АТУ) қатысты. Талқылаудан кейін «Сәйкестік кестесіне» ТжКБ-ның 39 мамандығы енгізілді.
«Тау-кен ісі» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша «Сәйкестік кестесіне» ТжКБ-ның 12 мамандығы ұсынылды. ТжКБ мамандықтарында «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» ББ тобында «ағылшын тілін білумен» біліктілігі қосымшасын алып тастау керек, себебі бұл қолданыстағы нормативтік талаптарға қайшы келеді деген С.С. Күлнияздың (Жұбанов атындағы ААУ) ұсынысын Ю.Н. Пак мақұлдады. Кеңеске қатысушылар бұған келісті. Талқылаудан кейін «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» ББ тобында ТжКБ-ның 12 мамандығы қалдырылды.
«Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша «Сәйкестік кестесіне» ТжКБ-ның 10 мамандығы ұсынылды. Талқылаудан кейін «Сәйкестік кестесінде» ТжКБ-ның 10 мамандығы қалды.
«Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша «Сәйкестік кестесіне» ТжКБ-ның 5 мамандығы ұсынылды. Толықтырулар енгізілді. Талқылауға Ж. Жарылқасын (Қарағанды медицина университеті), Н.С. Бергенева (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Бегімбетова А. (АЭжБУ), Жолмағамбетов Н.Р. (ҚарТУ), Идришева Ж. (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ), Пак Ю.Н. (ҚарТУ) қатысты. Талқылаудан кейін «Сәйкестік кестесіне» ТжКБ-ның 24 мамандығы енгізілді.
Ұсынылды: ҚР БҒМ ЖжЖКБ департаментіне «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының ұқсас топтары сәйкестігінің әдістемелік ұсынымдарын» толықтырулар және өзгерістермен жолдау.
Ю.Н. Пак әр түрлі мәселелер бойынша сөз сөйледі, ол бекітілген бағыттар (ББ топтары) шеңберінде ОӘБ-ҚарМУ басылымдарының перспективалық тақырыптық жоспарына сәйкес оқу-әдістемелік әдебиетті басып шығару бойынша жұмыстарды жылдамдатуға ЖБТ – ОӘБ Кеңесі мүшелерінің назарын аударды.
А. Үмбетбетов (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) жалпы мемлекеттік тілде оқу әдебиеттері аз екенін атап өтті. ОӘБ шеңберінде оқытушыларды мемлекеттік тілде сапалы оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша неғұрлым белсенді жұмысқа ынталандыру қажет. Бұл ұсыныс жалпы мақұлданды. Бұл ретте ОӘБ – ҚарТУ жетекшісі Ю.Н. Пак әрбір жоғары оқу орны нақты ынталандыру шараларын өз бетінше шешуі тиіс екенін атап өтті.
Ұсынылды: ОӘБ-ҚарТУ бекітілген бағыттар (білім беру бағдарламаларының топтары) шеңберінде білім беру процесін неғұрлым толық оқу-әдістемелік қамтамасыз ету үшін әртүрлі жоғары оқу орындарының өкілдері бірлесіп әзірлеген оқу әдебиетінің кеңейтілген тізбесі бар ОӘБ – ҚарТУ басылымдарың Тақырыптық жоспарын қалыптастыру қажет.