Құттықтаймыз! ҚарТУ өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Брейдо Иосиф Вульфовичті, «EAI Endorsed Transactions on Energy Web» журналының қосымша редакторы болып тағайындалып, Еуропалық инновациялар Альянсының аға мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз


Құттықтаймыз!

ҚарТУ өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Брейдо Иосиф Вульфовичті, «EAI Endorsed Transactions on Energy Web» журналының қосымша редакторы болып тағайындалып, Еуропалық инновациялар Альянсының (EAI) аға мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз.

Еуропалық инновациялар альянсы — бұл 170-тен астам елден ондаған мың мүшелері және жүздеген мың пайдаланушылары бар, зерттеу, әділ бағалау және ашық тану саласындағы ынтымақтастық үшін жетекші жаһандық платформаны ұсынатын ең ірі ашық кәсіби қауымдастығы бар коммерциялық емес ұйым.

«EAI Endorsed Transactions on Energy Web» журналы EAI аясында шығарылады, Scopus халықаралық дерекқорына 22 процентильмен кіретін (2019 жыл үшін) жоғары рейтингті журнал болып табылады.

 

 

Без рубрики