Алаш арыстары қорытынды


2020 жылдың 2 қарашасында Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттердің қатысуымен (60 адам) Microsoft Тeams арқылы «Азаттық аңсаған Алаш арыстары!» атты онлайн іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты студенттерге қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Шара барысында Алаш арыстары туралы бейнефильмдер көрсетіліп, студенттер ақындардың өлеңдерімен қатар,   Алаш арыстарына арналған арнау өлеңдерін оқыды. Іс-шараны ұйымдастырған ТЭ-18-2 тобының студенті Ы.Тулесов.

Іс-шараға Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғұрлығы» орталығының басшысы, ф.ғ.к., профессор Н.М. Аубакиров және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының мәдениеттану ғылымдарының магистрі,  аға оқытушысы Ж.А. Тусупбеков қатысты. Қонақтар да Алаш арыстары туралы естеліктермен бөлісті және студенттерге алғыс айтып, сәттілік тіледі.

 

 

Без рубрики