Абдрахманова Каламкас Аманбековна Докторлық диссертация қорғау туралы


Қарағанды техникалық университетінде 6D073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алу үшін Абдрахманова Қаламқас Аманбековнаның «Сумен қаныққан топырақта жұмыс істейтін қадаларға арналған модификацияланған бетонды зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясы қорғалады.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілі. Диссертациялық жұмыс Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс материалдар және технологиялар» кафедрасында орындалған.

 

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Байджанов Джумагельды Омарович – Қарағанды техникалық университетінің, «Құрылыс материалдар және технологиялар» кафедрасының техникалық ғылымдарының докторы, профессоры.
  2. Шин Ен Чул –Азияның топырақ механикасының және геотехникалық инженерияның Халықаралық ассоциациясының вице-президенті, PhD докторы, Инчхон ұлттық университетінің «Құрылыс және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, геотехникалық зертхананың директоры, Инчхон қ., Оңтүстік Корея

 

Рецензенттер:

  1. Копжасаров Бахадыр Тастанбекович – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялар технологиясы» кафедрасының доценті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, (Шымкент қ.).
  2. Сартаев Даулет Турысович – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, . Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қ.).

 

Онлайн қорғау: 2020 жылдың 26 желтоқсанда, сағат 15.00-де.

Диссертациондық советтің мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, 1-корпусы.

Сайттың мекен-жайы: http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/,

e-mail: kagaip@mail.ru

 

 

 

 

Без рубрики