25 қараша — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні


Әйелдер мен қыздарға  қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таңдағы ең жиі орын алып, айтылып, жазылып жүрген адам құқығы бұзылуының бірі. Әсіресе, танымал адамдар отбасында орын алып жатқандықтан болар, интернет желісінде, инстаграммда, фейсбукте бұл тақырып бойынша көтеріліп жатқан мәселелер жеткілікті.

Бүкіл әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық- зомбылыққа ұшырады. Осы үрдісті қалпына келтіру жөніндегі жұмсалған тынымсыз күш-жігерге қарамастан, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың мұндай деңгейі соңғы онжылдықта іс жүзінде өзгерген жоқ.

Сондықтан осы тақырыпқа байланысты 7.12.23 күні «Жоғары математика» кафедрасының аға кураторы доктор PhD Тулеутаева Ж.М., оқытушылары Кабиева Г.К., Бекмагамбетова Э.К. ұйымдастыруымен ГД 23-2 тобы студенттерінің қатысуымен ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.

Топтың 24 студентінің 3-еуі ғана қыз бала, яғни 21 студент-болашақта  біреудің аялап өсірген қызының жары болады, әке болады. Сондықтан, тақырыптың, әсіресе ұлдар арасында жиі талқылау артық емес.

Тақырып бойынша топ студенттері Анарбай А., Бағысбай Е., Қалиолла М., Советов Д. өте белсенді қатысып, кейбір студенттер арасында пікір алмасу барысында зорлық-зомбылық себептеріне қатысты келіспеушіліктер де туындады. Олар зорлықты болдырмау, алдын-алу бойынша өз ойларын ортаға салды.

Зорлық-зомбылықты бастан кешірген адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, зорлық- зомбылықтың түпкі себептерін зерделеу және зорлық-зомбылықты жою қазақстандық әйелдердің қорғанысын қамтамасыз етіп қана қоймай, адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің мүшесі ретінде Қазақстанның қағидатты көшбасшылығын да көрсетер еді. Бұл сондай-ақ елдің тәуелсіздігінің келесі онжылдығына тың серпін бере отырып, Қазақстанның болашақ ұрпағы үшін берік негізді қалыптастырар еді.

Без рубрики