«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы кураторлық сағаттар


Адалдық дегеніміз не? Оған қалай жетуге болады? Бұл білім беру кеңістігінде кез-келген адамды толғандыратын мәселелер.

15 мамырда «Байланыс жүйелері технологиясы» кафедрасында «Адалдық — Ұлы Абай мұрасы» тақырыбында онлайн-кураторлық сағаттар өткізілді. Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шараның мақсаты — жалпыадамзаттық адами құндылықтарды қалыптастыру, адалдық және оның қағидаттарын тәрбиелеу және мәдениеттің деңгейін көтеру. Кураторлық сағат барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Адалдық департаменті директорының орынбасары Ғанижан Асанұлының бейнеролигін тамашалады.

Студенттер Абай шығармаларының постулаттарын талқылады — өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізі, Абайдың тәрбиелеу сөздерінің жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ақынды тыңдаған қазіргі жастар өз халқының салт-дәстүрін ұстануға тырысады. Осылайша біз қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ұлттық кодын сақтаймыз.

РЭТ-17-3 тобында «Адалдық — Ұлы Абай мұрасы» бейнеролигін қарау

РЭТ-17-3 тобындағы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы кураторлық сағат

РЭТ-18-2 және РЭТ-18-ср топтарында «Адалдық — Ұлы Абай мұрасы» бейнеролигін қарау

 

 

 

 

Без рубрики