Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75-жыл толуына байланысты БЖТ кафедрасында РЭТ-17-2 және РЭТ-18-1 студенттерінің қатысуымен «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды» презентация өткізілді.
Презентация сабағын өткізу дөңгелек үстел ретінде 2020 жылдың 30 сәуірінде ZOOM бағдарламасының көмегімен online өткізілді. РЭТ-17-2 және РЭТ-18-1 тобынан жалпы 43 студент қатысты.
Алғашқы сөзді РЭТ-17-2 тобының кураторы Несипова С.С. алып, презентацияның мақсаты Ұлы Жеңіске себепкер болған батыр азаматтар және тылда көмек көрсеткен еңбекші халықты ұмытпай, олардың есімдерін және еңбектерін дәріптеу керектігінде екенін айтып өтті. Сабақ барысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Жаксылыкова А., Жұмаш О., Имантаева Г., Прлепесов А., Сыйқымбай М. үшінші курс студенттері «Ер есімі – ел есінде!» деген тақырыппен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған қарағандылық батырлар Н.Әбдіров, М.Мамыраев, В.Бреусов, П.Теряев және Қ.Нұржанов жайлы баяндамаларымен бөлісті.
Отанын сүйіп, ар-намысын сақтаған,
Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған.
75 жылда тат бастапаған есімін,
Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам, —
деген өлең жолдарын сүйеу етіп, батырлардың майдан алаңындағы ерліктері атап өтілді.
Екінші бөлімде РЭТ-18-1 тобының кураторы Есенжолов У.С. және Баярхан А., Қосан Ә., Өмірхан Д., Дүйсен А., Тажиев Р. екінші курс студенттері Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды өнеркәсібі, тыл еңбеккерлерінің еңбегі, КарЛаг жайлы мәліметтерді ортаға салды. Соңғы кезекте Сурапова А. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның жағдайын жайлы баяндамасы тыңдалып, презентация тақырыбы қорытындыланды.
Қорытындылай келе, сабақ барысында айтылған мәліметтер студенттердің жадында сақталып, қиындықпен келген Жеңіс тарихы ұмытылмайды деген сенім білдірілді. Сабаққа қатысқан студенттерге және ұстаздарға рахмет айтылды.