Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»мамандығы бойынша XII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді


Олимпиада «ақпараттық жүйелердегі деректер қоры», «Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау», «Компьютерлік желілер»пәндері бойынша өткізілді.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 6 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:

1 орын — Нұрмаханов Еркін Асқарұлы (Қарағанды мемлекеттік университеті Е. А. Букетов атындағы)

2 орын — Агатаев Арлан Алмазович («Тұран» университеті, Алматы қ .)

2 орын – Онайбаев Жан Қайратұлы (Орталық Қазақстан академиясы)

3 орын — Рябыкин Николай Евгеньевич (Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті)

3 орын — Қыдырмоллаева Толғанай Кенжеғазықызы (М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы)

3 орын-Мусалимов Дамир Тимерьянович (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті)

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

Без рубрики