Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінің шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Амангельдина Гүлсара Амангельдиновна, ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, 18 ақпанында ашық куратор сабағын СТ-18-1 тобымен өткізді. Сабаққа шетел тілі кафедрасының менгерушісі Джантасова Д.Д., кафедраның оқытушылары, патриоттық тәрбие бөлімінің орынбасары және студенттер көрермен ретінде қатысты.
СТ-18-1 тобының студенттері өз өнерлерін паш етті. Ашық сабақ барысы Елубаева Аймерекенің би шашуімен басталды. Ұлы Абай жайлы видео-ролик көрсетілді. Абай өлеңдеріне қатысты әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Студенттер Абайға жолдаған туындыларын оқыды. Қара сөздері студенттердің талдауына берілді және « Абай –Тоғжан» көрінісінен үзінді қойылды. Қорытысында қонақтармен бірге Абайдың өлеңдері шырқалды. Келген көрермендер Абайды еске алып, шабыттанып кайтты.
Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілген ашық сабақ жоғары деңгейде отті.