Жаһандық және ғарыштық қолданбалы бағдарламаларды дамыту бағыттары


2020 жылдың 14 ақпанда ЛОГ-19-1 тобының студенттері (куратор Шегебаева Г.Е.) «Жаһандық және ғарыштық қолданбалы бағдарламаларды дамыту бағыттары» атты кураторлық сағаты өтті.

Әлемдің ғарыштық нарық өз кезегінде жоғары технологиялардың әлемдік нарығыны, ірі әрі тез дамушы сегменті болып табылады. Қазіргі экономикалық пргрестің басты қозғалтқышы болып, микроэлектроника, цифрлі және, ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және телекоммуникация, жаңа композиттік материалдар және т.б. саласындағы инновациялық технологиялар саналатындығы белгілі. Бұл әзірлемелердің көпшілігі бастауын ғарыш индустриясының түрлі салаларынан алады және қазіргі тіршілік әрекетінің алуан түрлі салаларына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Ғарыштық әзірлемелердің едәуір бөлігі құпия күйінде қалатындығы және ұлттық қауіпсіздік саласында ғана мемлекеттік саясат жүргізуіне жататындығы белгілі. Сонымен қатар қазіргі заманғы ғарыш қызметін дамытудың белгілі үрдістері ғарыштық технологиялар мен әзірлемелерді біріктіруді күшейту, оларды қарусыздандыру және коммерциялық мақсаттарға пайдалану болып табылады. Осыған байланысты ғарыш қызметін жабық әскери ғарыш саласына (military space) саралап жіктеу және азаматтық және коммерциялық ғарыш салаларын (civilian and commercial space) ашу жөн саналады.

 

 

Без рубрики