«Сәулет және дизайн» кафедрасында 11.02.2020 жылы кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды


«Сәулет және Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі Абдильдина Гүлбану Ахметжанқызы оқушылармен «Сурет» пәні бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сурет салудың іргелі заңдарымен, сурет салу принциптері мен негізгі техникаларымен таныстырды.

Гүлбану Ахметжанқызы оқушылармен сәулет, оның қоғам өміріндегі рөлі туралы әңгімелесті. «Сәулет және Дизайн» кафедрасымен таныстырып, студенттердің жұмысын көрсетті.

 

 

Без рубрики