Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясы Республикалық байқау жариялайды
«2019 жылдың үздік инженері»
- Байқаудың мақсаты мен принциптері:
- инженерлік қызметкерлердің кәсібилігін арттыру;
- республиканың үздік инженерлерінің жетістіктері мен тәжірибесін насихаттау;
- инженер мамандығын танымал ету және жастарды инженерлік еңбекке тарту;
ғылыми-инженерлік әзірлемелер мен идеялардың деректер банкін қалыптастыру.
- Конкурсқа қатысуға жасына, лауазымына, ғылыми атағы мен дәрежесіне қарамастан, әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерде инженерлік жұмыстармен айналысатын және жоғары инженерлік білімі бар тұлғалар қатыса алады.
- Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 31 қаңтар 2020 ж. дейін.
- Байқау жеңімпаздары дипломдармен және «Жылдың үздік инженері»естелік медалімен марапатталады.
- Конкурстың қорытындысы ҚР ҰИА сайтында, «ҚР ҰИА Хабаршысы» журналында және Қазақстан Республикасының басқа да ақпараттық ресурстарында конкурс жеңімпаздарының аты-жөні және олардың жетістіктері туралы қысқаша ақпаратпен жарияланады.
Қосымша сұрақтар бойынша:
dn-kstu@mail.ru
гл.корпус, каб. 226 – 56-68-22, 22-26 (вн.ном.)