Халықаралық ынтымақтастық аясында шет тілдер кафедрасы ұйымдастыруымен ҚарМТУ-дың магистранттары, докторанттары мен ПОҚ үшін «Professional communication in engineering», «Artificial intelligence», «СyberTrainer training service in Universities» тақырыптары бойынша дәріс оқу және семинар сабақтарын өткізу үшін Клуж-Напока (Румыния) техникалық университетінің профессоры Dorin Isoc шақырылды.
2019 жылдың 4-30 қарашасы аралығында профессор Dorin Isoc «Professional communication in engineering» тақырыбы бойынша барлық мамандықтардың 1 курс магистранттарымен сабақтар жүргізді, сонымен қатар ҚарМТУ-дың «Ақпараттық-есептеу жүйелері» және «өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедраларының магистранттары мен докторанттарымен магистрлік және докторлық диссертациялар жазу шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша бірқатар консультациялар өткізді.
Сонымен қатар, 2019 жылы 13 қарашада шетел тілдері кафедрасы бірінші курс студенттері арасында «Қазақстан индустриясындағы инновациялар ғылыми — технологиялық серпіліс көрсеткіші ретінде» тақырыбында ағылшын тілінде презентациялар сайысын ұйымдастырды. Сол сайыста профессор Dorin Isoc Әділ-қазылар алқасы ретінде белсенді қатысып, студенттерге Cyber training жобасы туралы ақпарат ұсынды.
2019 жылы 21 қарашада профессор Dorin Isoc ЖОО оқытушыларына арналған «Сybertrainer – оқытуды өзгертетін оқыту» тақырыбында семинар өткізді. Осы бірегей семинар барысында қатысушылар www cybertrainer.online. платформасында орналасқан тереңдетілген және ұзақ оқыту үшін алғашқы кәсіби кибернетикалық қызметпен таныса алды.