«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тілінде 100 оқулық» тақырыбында дәріс оқылды


03.12.2019ж. ҚарМТУ-дың бірінші корпусының №207 аудиториясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ тілінде 100 оқулық» тақырыбында дәріс оқылды. Бұл іс-шараны «Қазақстан тарихы» кафедрасы ұйымдастырды. Дәріске кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен бірінші курс студенттері шақырылды.

Кафедра меңгерушісі А.С. Сағатова «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мақсаты мен міндеттері туралы айтып берді. Дәрісті кафедра доценті Б. Ғ. Нұғман жүргізді, оқу үрдісінде қолдану үшін «Ориентализм» және «Панорама. Дүние жүзі тарихы» кітаптарының презентациясы көрсетілді. Дәріс тыңдаушылар әр басылымға толық аннотация мен авторлар туралы ақпарат алды.

Аталған іс-шараның мақсаты — студенттердің тарих, саясаттану, философия және ондағы методологияның маңызды тұстары бойынша толыққанды білім алуы болып табылады. Яғни, халықаралық ғылыми лексикамен байыту, ғылыми стиль мен терминологияны қалыптастыру, заманауи әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің әдіснамасын және оларды баяндау әдістерін меңгеру.

 

 

Без рубрики