Ресей Федерациясының Омбы қаласында жүзу бойынша тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар үшін Омбы облысының ашық қысқы чемпионаты мен біріншілігі өтті.
Біріншілікке біздің әріптесіміз, «Байланыс жүйелері және технологиясы» кафедрасының доцент м.а., PhD Сериков Тансауле Габдыманапович қатысып, онда 25 м баттерфляй стилінде жүзу кезінде 21:01 секунд нәтижесімен үшінші орын алды.
Оған зор денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат, оптимизм, шығармашылық шабыт, спортта және өмірде үлкен табыстар тілейміз.
Жарайсыз!