«Кейбір коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 23.09.2020 жылғы № 408 бұйрығымен «Қарағанды техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы белгіленді.
Директорлар Кеңесінің құрамына сайланғандар:
- Дәуленов Мирас Мұхтарұлы — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі;
- Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік қатысуымен Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмысы жөніндегі басқармасының бас сарапшысы;
- Нүкенов Абзал — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- Мусин Санат Қабиденұлы — Қарағанды облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы;
- Данилов Александр Сергеевич — B2C consulting group басқарушы серіктесі, тәуелсіз директор;
- Кенжин Болат Мәулетұлы — «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС директоры, тәуелсіз директор.