23.05.2013


Ақпараттық хат

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар,

ҚарМТУ –дағы Шетел тілдері кафедрасы ағылшын тілі оқытушыларының Ұлттық ассоциациясымен (KazTEA) бірлесе отырып IELTS халықаралық стандартталған тестті тапсыруға арналған дайындық курсына тыңдармандарды қабылдайтынын хабарлайды.

IELTS (International English Language Testing System) — бұл АҚШ-тағы жоғарғы оқу орындарына түсу үшін шетелдік азаматтар міндетті түрде тапсыруға тиісті, сонымен бірге ERASMUS MUNDUS, TEMPUS, Fulbright, JFDP және басқа да студенттердің халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беретін ағылшын тілінен тапсырылатын халықаралық емтихан. IELTS сертификаты шетелдің кез- келген жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті құжат және шетел компанияларына жұмысқа орналасуға жол ашатын бірден бір құжат. IELTS сертификаты әлемнің көптеген университеттері мақұлдаған, әрбір тыңдарманның ағылшын тілін жетік меңгергендігін айғақтайтын құжат. Сондықтан бұл тест ағылшын тілін меңгерудің ең тиімді түрі ретінде танылды. Курсты талапқа сай білім деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар оқытушылар жүргізеді.

Курс жұмысының басталуы: 27 мамыр 2013 жыл

Міндетті тілдік деңгей: upper-intermediate

Тапсырыс қабылдану мерзімі: 2013 жылдың 25 мамырына дейін

Байланыс телефондары:

ШТ кафедрасы – 56-59-32 (1152)

Ольга Викторовна Витченко

+7 (705) 33-46-971, e-mail: olga.vit.2010@gmail.com

Без рубрики