22 ақпан күні сағ.: 15:00-де ҚарМТУ-дың Бас корпусындағы акт залында облыстық прокуратура өкілдері университеттің оқытушылар құрамы және студенттермен кездесу өткізеді.


22 ақпан күні сағ.: 15:00-де ҚарМТУ-дың Бас корпусындағы акт залында облыстық прокуратура өкілдері университеттің оқытушылар құрамы және студенттермен кездесу өткізеді.

         Кездесуге облыстық прокуратураның төмендегі қызметкерлері қатысады: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы басқармасының басшысы – Әбу-әли Анарбайұлы Саттар; ҚР ҚСжАЕК облыстық бөлімінің басшысы   – Мейржан Кабдоллаевич Аманов;  ақпараттандыру бойынша аға прокурор – Лилия Талғатқызы Карпук және прокурор Төлеген Бахытбекұлы   Ахмедиев.

Басқосуда қазіргі қоғамдағы көкейкесті мәселелер, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жайындағы жекелеген сұрақтар қарастырылып, компьютер мен смартфон арқылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық қызметтерінің мүмкіндіктері көрсетіліп, таныстырылады. Комитеттің сайтындағы геоақпараттық жүйелер, атап айтқанда қылмыстық құқық бұзушылық немесе қылмыстылық картасы, сондай-ақ апаттылық картасы және кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты жыныстық сипаттағы күш қолданған адамдардың карталары жайлы ақпарат беріледі.

Сондай-ақ, қатысушылар адамның іздеуде екендігін қалай тексеретіндігі, полицияға арыз беруде және оның қаралуын бақылау жасауда туыстары мен жақындарына қандай көмек беруге болатындығы, олардың төленбеген айыппұлдары туралы біліп, оны қалай төлеуге болатындығы жайлы ақпарат алады.

Кездесу барысында прокурорлар сервистер бойынша туындаған сұрақтарға жауап бере отырып, сондай-ақ прокуратура органдары жұмысының ерекшеліктері туралы баяндайды. Мұндай кездесулердің азаматтардың, әсіресе, жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, еліміздің қолданыстағы заңнамалары жайлы толыққанды түсінік алуы үшін маңызы зор.

Без рубрики