21 сәуірден бастап ҚарМТУ-да су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге көмектесуге ауқымды акция басталды.


21 сәуірден бастап ҚарМТУ-да су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге көмектесуге ауқымды акция басталды. Акцияда ЖОО ПОҚ пен студенттер қатысады. ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Арстан Мәуленұлы Ғазалиев ЖОО қызметкерлері мен студенттерін көмектесуге және рақымдылыққа шақыра отырып, сөз сөйледі. 20 сәуірде ЖОО-да зардап шеккендерге қаражат жинау хабарланды. ЖОО студенттері мен қызметкерлері зардап шеккендер үшін, уақытша қойма орнатылған «Жастар Әлемі» Жастар Сарайына заттар мен тағамдарды үздіксіз лекпен әкеліп жатыр. «Қарағанды облысында су тасқанынан зардап шеккендерге көмек қорына» аударылатын материалдық көмек жиналды. ҚарМТУ-дың 100 студенті 21 сәуірде Ғабиден Мұстафин атындағы кентке жіберілді. 

Қарағанды қаласынан 30 км жерде орналасқан кент (ескі атауы Токаревка) судан бәрінен көп зардап шекті – 90 пайыз тұрғын үйлерді су алып кетті. Осы күні мұнда су тасқыны салдарын жою бойынша сенбілік өткізілді. 40 тоннадан астам қоқым су алған ауылдан шығарылды. 22 сәуірде ҚарМТУ белсенділерінің тобы ЖОО ұжымының және студент жастардың күшімен жиналған гуманитарлық көмекті Балықтыкөл аулына апаттан зардап шеккен отбасыларына апарды. Газельге барлығы жарты тоннадан астам макарон өнімдері, күріш және арпа жармасы, 100 кг өсімдік майы, шай, кондитерлік өнімдер, жеке гигиена заттары, сонымен қатар әйелдер, еркектер киімдері мен аяқ киімдері тиеліп, Балықкөлдіктерге жеткізілді. ҚарМТУ-да екі апта бойы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек акциясы жалғасады. Аптасына 3-4 рет ҚарМТУ автокөлігімен су басқан ауданға гуманитарлық көмек жеткізіледі.

Без рубрики