Кәсіби мереке – ғылым қызметкерлері күні қарсаңында машина жасау факультетінде «Машина жасау мен металлургиядағы 21 ғасырдағы сын-қатерлер: проблемалар, шешімдер, перспективалар» атты Science Talk іс-шарасы өтті. Іс-шараға 3-курс докторанттары, «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау», «Нанотехнология және металлургия» және «Шет тілдері» кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Модератор Жаркевич Ольга «Science talk» форматының құрылу тарихымен қысқаша қатысушыларды таныстырды. Іс-шараға қатысушылар қараған мәселелердің ауырлығы туралы түсінік баяндамалардың тақырыптарын өздері береді.
The students’ independent work in EFL learning for students of Mechanical engineering – «ШТ» кафедрасының докторанты Айтбаев Салтанаттың тақырыбы осылай аталды; Ресурсосберегающая технология восстановления шлицевых валов – «ТЖМжС» кафедрасының докторанты Нұржанова Оксана; Технология восстановления длинномерных штоков – «ТЖМжС» кафедрасының докторанты Жүніспеков Дархан; Production of a machine bed from polymer concrete – «ТЖМжС» кафедрасының докторанты Берг Александр; Үлкенөлшемді тетіктерді дайындаудың дәлдігі мен сапасын арттыру – «ТЖМжС» кафедрасының докторанты Қарсақова Нұргүл…
Басқа баяндамашылар да қызықты және өзекті мәселелерді қозғады. Бұл ретте олар Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары қызметкерлерінің назарын аударатын қызықты шешімдерді ұсынды.
Баяндамалардан кейін қамтылмаған мәселелер талқыланды. Іс-шараға қатысушылар пікір алмасты. Олардың пікірлері бойынша, talk форматында қызықты және пайдалы байланыс болды.