2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға байқау өткізу туралы хабарландыру


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары бойынша 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға байқау өткізілетіні туралы хабарлайды:

Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

Энергия, озық материалдар және көлік;

Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

Елдің зияткерлік әлеуеті;

Өмір және денсаулық туралы ғылым;

Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Өтінімдерді қабылдау — 2024 жылғы 05 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 04 қазанға (қоса алғанда) дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін «Ғылым және инновация» департаментінің «Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар» бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз: dn-kstu@mail.ru, бас корпус, 228-кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26.

Байқау құжаттамасы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/837034?lang=kk

Без рубрики