2024 жылы 13-18 қараша аралығында «WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық чемпионаты өтті.


Аталған чемпионат аясында 16 қарашада техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдары басшыларының «Жұмысшы мамандықтар жылы: ТжКБ жүйесін дамытудың жаңа бағыты» республикалық форумы өтті.

Форумға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Білім басқармасы басшысының орынбасарлары, ТжКБ бөлімдерінің басшылары, колледж басшылары қатысты.

Іс-шараға колледжіміздің директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковна да қатысты.

“Бүгінгі жиынның мақсаты — “сапа” мәселесі. Бұл туралы 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында білім беру жүйесінде сапаға қол жеткізуді басты міндет етіп қоятынын нақты атап өтті.

Бұған барлығы кіреді, атап айтқанда: сапалы менеджмент, сапалы педагогтар, сапалы оқу процесі, сапалы оқу бағдарламалары және материалдық-техникалық база” -деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырудың негізгі құралдарының бірі. Ол кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды жетілдіру бойынша 89 елді біріктіреді. Қазақстан 2014 жылдан бастап WorldSkills International халықаралық қозғалысының толыққанды мүшесі болып табылады, ал 2016 жылдан бастап WorldSkills Europe ұйымының мүшесі.

 

Без рубрики