2024 жылдың 29-мамырында қазақ тілі және мәдениеті кафедрасында Қазақстан Республикасының рәміздері күні қарсаңында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты әдеби-танымдық кеш өтті.


Әдеби-танымдық кешке кафедра меңгерушісі м.а. Қ.М. Хамзина, кафедра оқытушылары, магистранттар және СИБ-23-4, СИБ-23-3 тобының студенттері қатысты.  Аталған кешті кафедра меңгерушісі м.а. Қ.М. Хамзинаның жетекшілігімен  және осы кафедраның оқытушылары  Н.Т. Нығметова, Г.С.Байпелова, А.Е. Кенжебековалар ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шара барысында студенттер рәміздер жайлы ақындардың өлеңдерін оқып, ән-күйлерін шырқап, әзірлеген слайдтарын көрсетіп, тақырып бойынша видео фильм тамашалады.  Дайындалған викториналық сұрақтарға жауап беріп,  сөзжұмбақ шешіп, пікірлерін айтты. Кеште СИБ-23-4 тобының студенттері мен магистранттар өз өнерлерін ұсынды.

Без рубрики