2024 жылдың 18 наурызында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің Шет тілдері кафедрасы Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Ұлттық киім күні» бейне челленджін өткізді


Көктемнің келуімен университетіміз жаңару мерекесі ұлыстың ұлы күні Наурызды тойлауда.  Осы айтулы оқиғаға орай Наурыз мейрамы тұжырымдамасы аясында шетел тілдері кафедрасы бірлік пен рухани жаңғырудың мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды.

Наурыз мейрамының онкүндігінде студенттер бен оқытушыларымыз «Ұлттық киім күніне» арналған бейнероликтер челленджіне қатысты. Студенттер түсірген бейнероликтер ұмытылмас әсер қалдырып, ұлттық бірегейлікті сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын көрсетті. Бейне челленджге 20 топ қатысып, тақырып бойынша бейнероликтер түсірді. Барлық бейнероликтерді қазылар алқасы қарап, бағалады:

Рахимбаева С.Е. — Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының басшысы;

Жаркевич О.М. — т.ғ.к., «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры;

Джантасова Д.Д. – п.ғ.к., доцент, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі;

Эмметт Кэшман – Фулбрайт, АҚШ бағдарламасы стипендиаты, ағылшын тілі оқытушысы.

18 наурызда челлендж қатысушыларын марапаттау сәті болды. Аталған іс-шараға 30 студент, қазылар алқасы және кафедраның оқытушылары қатысты. Бұл күні әрбір бейнеролик ерекше аталып өтіп, студенттерді арнайы номинациялармен марапаттап, шараның сәтті өтуіне шығармашылық үлес қосқаны үшін барлық авторларыға алғыс хаттар табыс етілді:

  1. The most creative video – ГиК-23-1 (оқыт.НурпейсоваД.Л.);
  2. Best national costume – ИС-23-4 (оқыт.ПитиримоваТ.В.);
  3. Artistic expression award – ЛОГ-23-2с, ОП-23-2с(оқыт.ПитиримоваТ.В.);
  4. The most musical video – ИС-23-1с(оқыт.ИсинаН.Т.);
  5. Best cultural representation – С-23-1 (оқыт.МагауинаГ.М.);
  6. Most inspirational message – ГД-23-4,5 (оқыт.ТокумбаеваА.А.).

Аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқандарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Без рубрики