2023 жылдың 20 қазанында «Жастар әлемі» жастар сарайында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен Қарағанды қаласы полиция басқармасының жергілікті полициясымен кездесу өтті


2023 жылдың 20 қазанында «Жастар әлемі» жастар сарайында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен Қарағанды қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Б. М. Макежановпен, Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны А. К. Алькеновпен, Қарағанды қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция майоры А.С. Жапаровамен және полицияның участкелік инспекторы Т. Г. Ешкеевпен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу. Бүгінгі таңда интернет құрылғылары арқылы алаяқтық, ұрлық, нашақорлыққа қарсы күрес және т. б. сияқты негізгі мәселелер болып табылатын тақырыптар бойынша ақпарат беру.
Полиция қызметкерлері кездесуге қатысушыларға алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері мен қорғаныс тәсілдері туралы айтып берді. Өзін қылмыстық зорлық — зомбылықтан қорғау үшін полиция капитаны А. К. Алькенов студенттерді өздерінің жеке мәліметтерін, банк карталарының нөмірлері мен парольдерін бейтаныс адамдарға бермеуге, хабарламалардағы сілтемелерді баспауға және картаны жоғалтқан жағдайда оны бұғаттауға шақырды.
Профилактикалық әңгіме барысында студенттер құқық қорғау органдарының қызметкеріне белсенді сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысып, өмірден мысалдар келтірді.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері өз қалаулары бойынша студенттерді полицияға жәрдемдесу жасағына қосылуға шақырды. Полицияға жәрдемдесу отрядының мүшесіне 9 студент өз еркімен қосылды. Полиция қызметкерлері полицияға жәрдемдесу отрядының мүше студенттеріне көк қол таңғышын байлады.

Без рубрики