2023 жылғы 7 қазанда БЖТ кафедрасы ның меңгерушісі м.а. Калиаскаров Н.Б. Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ оқуға түсу үшін студенттерді тарту және кәсіби бағдарлау мақсатында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде болды.


Кездесуге РЭС-20-1 тобынан 12 студент қатысты.

Оқушыларға оқу форматы, қабылдау шарттары, оқу бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы түсіндіріліп, ҰБТ-ға дайындық курстары туралы айтылды. Сондай-ақ, Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ және БЖТ кафедрасы туралы бейнероликтер көрсетілді. Студенттерге университеттің білім беру бағдарламалары туралы буклеттер мен ақпараттық парақшалар таратылды. Кездесу барысында кәсіби бағдарлау менеджері мен әлеуетті үміткерлердің арасында ақпарат алмасылды.

Без рубрики