2023 жылғы 09 тамызда Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропа елдерінің шетелдік университеттерінде оқу үшін 9 орын бөлді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілген өтінімдерді қарағаннан кейін академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған конкурстан өткен білім алушылардың негізгі және резервтік тізімдері айқындалды. Комиссия берілген 19 өтінімнің ішінен негізгі тізімге 9 үміткер іріктеп алды, 6 үміткер резервтік тізімге енді. «Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларына» сәйкес үміткерлер іріктеудің үш негізгі критерийі бойынша бағаланды:

  • шет тілін білу деңгейі;
  • «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша жіберу үшін оқу үлгерімі;
  • көтермелеу наградаларының (республикалық және халықаралық деңгейлерде) болуы.

Негізгі тізім:

  1. Самчук Надежда Андреевна, 4-курс «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»;
  2. Беккерман Кристина Вячеславовна, 2-курс «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»;
  3. Мубаракова Аружан Ерболқызы, 4-курс «IT-медицина»;
  4. Тусупова Анель Аскаровна, 2-курс «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі»;
  5. Абдуахит Лина Багдаткызы, 2-курс «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі»;
  6. Бердимурат Имангали Аймаратулы, 4-курс «Кіріктірілген цифрлық басқару жүйелері»;
  7. Костюкова Елизавета Сергеевна, 4-курс «Сәулет»;
  8. Абдрахманов Мухамедкарим Кадырович, 4-курс «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі»;
  9. Нукербекова Диляра Ануаркызы, 2-курс «Сәулет».

 Резервтік тізім:

  1. Мукан Аяжан Кайраткызы, 2-курс «Өнеркәсіп экономикасы»;
  2. Передериш Артем Александрович, 2-курс «Құрылыс»;
  3. Есенбекова Гаухар Куановна, 2-курс «Биотехнология»;
  4. Жаксылыкбекова Мерей Ринатовна, 2-курс «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»;
  5. Серікұлы Алмас, 4-курс «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»;
  6. Дарбаева Зайра Даниярқызы, 3-курс «Автоматтандыру және басқару».
Без рубрики