2022 жылдың 18 наурызында Қарағанды техникалық университетінде ЖОО-ға Әбілқас Сағыновтың атын беруге орайластырылған салтанатты іс-шаралар өткізілді


Аталған іс-шараларға академик Ә.С. Сағыновтың туыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ЖАО өкілдері, ЖОО ректорлары, Директорлар кеңесінің мүшелері мен университет ардагерлері, көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Күннің бірінші жартысында «Ғылым, білім жəне өндіріс интеграциясы – Ұлт жоспарын іске асырудың негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының Пленарлық отырысы өтті (№14 Сағынов оқулары), онда Ұлыбритания, Израиль, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының ғалымдары мен мамандары баяндама жасады.

15.00-де Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С. Сағыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Содан кейін университеттің Ғылыми Кеңесінің салтанатты кеңейтілген отырысы өтті. Осы отырыста ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Ж. Қошановтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың, Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың,  Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің құттықтау хаттары оқылды.

ЖОО атына құттықтаулармен: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Р.Қ. Әбдікеров; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Д. Әлтаев; Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚарПТИ 1985 жылғы түлегі Басин В.Б.; Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.М. Мұқашева; ҚР Бірінші Сыртқы істер министрі, п.ғ.д., профессор, ҚР әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сүлейменов Т.С.; «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы-Ректор, з.ғ.д., профессор Дулатбеков Н.О.; «Қарағанды медицина университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы-Ректорының м.а., м.ғ.д., профессор А.А. Тұрмұхамбетова, ҚарТУ Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры, т.ғ.к., профессор Ынтықов Т.С., академик Ә.С. Сағыновтың немересі – А.В. Сағынов сөз сөйледі.

«Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы — Ректор, т.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов «Әбілқас Сағыновтың Қарағанды техникалық университетінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі» тақырыбында баяндама жасады. Кейін бейнефильм көрсетіліп, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясынан, ҚР Ішкі істер министрлігінен, QS халықаралық рейтинг агенттігінен, шетелдік және отандық жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-дан, ірі өнеркәсіптік өндірістік кәсіпорындардан, қоғамдық ұйымдардан университетке келіп түскен 150-ден астам құттықтау жеделхаттары мен сәлемдері ұсынылды.

«Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы — Ректор, т.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов Университетімізге Әбілқас Сағыновтың есімін беру туралы шешім қабылдауға қолдау көрсеткен және ықпал еткен, сондай-ақ аталған салтанатты іс-шараларға қатысқан және құттықтау хаттарын жіберген барлық адамдарға зор алғысын білдірді.

Бүгінде академик Сағыновтың шәкірттері Қарағанды «Политехінің» сұранысқа ие мамандарды даярлау мен тәрбиелеудегі даңқты дәстүрлерін арттыра отырып, ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеу және практикаға енгізу, заманауи ғылыми-білім беру инфрақұрылымын дамыту, ЖОО-ның жетекші техникалық университет ретінде ұлттық және халықаралық танылуында жаңа биіктерге қол жеткізе отырып, ол бастаған істі табысты жалғастырып келеді.

ЖОО университеттердің ең беделді әлемдік рейтингінің бірі – QS World University Ranking рейтингінің ТОП — 751+ құрамына кіреді.

БСҚА тәуелсіз агенттігі өткізген Қазақстанның үздік ЖОО-ның ұлттық рейтингі-2021 қорытындысы бойынша ол еліміздің техникалық ЖОО арасында 2-ші орынға ие болды.

2020 жылы Қарағанды техникалық университеті ғалымдарының шығармашылық тобы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Университеттің осы және басқа да көптеген жетістіктерінің іргетасын — қуатты ғылыми-білім беру базасын, жоғары зияткерлік әлеуетін, өндіріспен тығыз байланыс және қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін, академик Ә.С. Сағынов салған.

69 жылдық тарихында университет 100 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды дайындады және өзінің алдағы 70 жылдық мерейтойын Әбілқас Сағыновтың атына лайықты жаңа жетістіктермен қарсы алуға дайын.

Оқытушылар мен қызметкерлердің, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың сан мыңдаған ұжымын осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз! Университет жаңа мәртебесінде Тәуелсіз Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірінің даңқты дәстүрлерін жалғастырады!

Без рубрики