Жиырмасыншы ғасыр басындағы күрделі кезеңдерден сыр шертетін Қ.Жүнісовтің «Ұлтқа қызмет» деректі-көркем драмасы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сахналанды. Ә.Бөкейханов бастаған қайраткерлердің азаттық жолындағы арпалысы, ауыр тағдыры суреттелетін спектакль тарихи оқиғалар негізінде жазылған. Ұлттық рухымызды күшейтіп, ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін туынды, ерлік пен елдікті танытады. Шиеленіскен оқиғалар режиссерлық тың шешімдер арқылы шарықтау шегіне жетеді. Ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің азаматтық тұлғасы актерлық шеберлік арқылы көрерменге жол тартады. Бұл Алаш тақырыбын кең ауқымда қамтыған тұңғыш қойылым.