2021 жылдың қыркүйек айында Инновациялық технологиялар факультетінде КЕАҚ «Қарағанды медицина университеті» ұйымдастыру сұрақтары бойынша жұмыс кеңесі өтті.


«IT-медицина» инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша
жұмыс кеңесі
2021 жылдың қыркүйек айында Инновациялық технологиялар факультетінде КЕАҚ «Қарағанды медицина университеті» ұйымдастыру сұрақтары бойынша жұмыс кеңесі өтті. «IT – медицина» инновациялық білім беру бағдарламасы (ББ) бойынша өзекті сұрақтар қарастырылды: ЖОЖ және академиялық күнтізбені сәйкестендіру, бірлескен КБЖ өткізу, студенттердің өндірістік практикасы, IT және медицина бағыттары бойынша курстық жобалардың тақырыптарын түзету, сонымен қатар келесі оқу жылына кешенді дипломдық жұмыстарды жазу.
Жиналысқа КЕАҚ ҚМУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Риклефс Виктор Петрович; Инновациялық технологиялар факультетінің деканы Гульфарида Ергалиевна Самашова; ҚМУ Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің деканы Жания Абаевна Даулеткалиева; АЕЖ кафедрасының меңгерушісі Алексей Анатольевич Калинин; ҚМУ академиялық жұмыс департаменті директорының орынбасары Сулушаш Бекетовна Шарапиева; Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі деканының орынбасары Айсұлу Мақашқызы Камарова қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша оқу жылы бойы өткізілетін бірлескен жұмыс жоспары белгіленді.
Біз КЕАҚ  ҚМУ  жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеуге үміт артамыз.

 

Без рубрики