2021 жылдың 11 желтоқсаны күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Серпін» ОО-ның ұйымдастыруымен Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқуға түскен 1-курс студенттері Теміртау қаласында орналасқан «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» мұражайына барды


Ол жерде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкері, экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің басшысы Оразымбетов Құрманшәді Ынтықбайұлы мұражайда орналасқан жәдігерлер туралы толық мағлұмат беріп, Теміртау қаласының құрылуы мен металлургия саласында жеткен жетістіктері, Елбасының осы қалада басталған еңбек жолы туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Без рубрики