2021 жылғы 28 қазанда онлайн режимінде Қарағанды техни калық университетінің базасында «ЮНЕСКО қамқорлығымен тау — кен техникалық білім берудегі халықаралық құзыреттер орталығының Қазақстандық бөлімшесі» (бұдан әрі – «ЮНЕСКО халықаралық орталығы») ашу туралы келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.


Аталған құжатқа «ЮНЕСКО халықаралық орталығы» тарапынан Санкт-Петербург тау-кен университетінің ректоры, Басқарушылар кеңесінің төрағасы Литвиненко Владимир Стефанович, «Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ тарапынан — Басқарма Төрағасы-Ректор Ибатов Марат Кеңесұлы қол қойды.

Ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты «ЮНЕСКО халықаралық орталығы» іске асыратын бағдарламаларға еріктілік және тең қолжетімділік негізінде қазақстандық университеттердің, ғылыми ұйымдар мен өнеркәсіптік компаниялардың қатысуын үйлестіру болады.

Бұл бағытта қазірдің өзінде біраз жұмыстар атқарылды:

  • Халықаралық тау-кен инженерлерін сертификаттау бағдарламасы аясында Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары оқудан өтуде;
  • ҚарТУ-дың магистранттарының академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылды;
  • жыл сайын Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері «ЮНЕСКО халықаралық орталығы» өткізетін түрлі форумдарға қатысады;

Келесі міндеттерді бірлесіп шешу болжанады:

  • тау-кен техникалық білім берудің қолжетімділігін, сапасын және тартымдылығын арттыру тетігі ретінде бірыңғай білім беру кеңістігін құру;
  • тау-кен инженерлерін халықаралық кәсіби аттестаттаудың бірыңғай жүйесін құру;
  • тапсырыс беруші болып табылатын тау-кен өндіруші компаниялардың сұраныстары бойынша білім беру бағдарламаларын, кешенді бітіру біліктілік жұмыстарын әзірлеу;
  • минералдық шикізат кешені кәсіпорындарының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыратын инновациялық технологияларды өндіріске енгізу;
  • білім алушылар мен оқытушылардың жаһандық академиялық ұтқырлығы.
Без рубрики