2015- 2016 жылға арналған Венгерлік шәкіртақы бағдарламасы


Венгерлік шәкіртақы бағдарламасына үміткерлер келесі сілтеме бойынша  міндетті түрде онлайн- тіркеуден өтулері керек: http://limesurvey.tpf.hu/index.php/267728/lang-en.

Онлайн-тіркеуден өткеннен кейін өтініш беруші  келесі құжаттарды ағылшын немесе венгер тілінде құруы қажет:

  1. Шәкіртақы бағдарламасының қазіргі аппликациялық нұсқасы (толық толтырылған, басып шығарылған және өтініш берушінің қолы қойылған)
  2. Europass format нұсқасындағы түйіндеме (https://europass.cedefop.europa.eu/en/documents/curriculum-vitae/templates-instructions)
  3. Уәждемелік хат
  4. Ағылшын тілін меңгергендігі туралы сертификаттар TOEFL iBT балл 90/ PBT балл 550 немесе IELTS 5.0. (Венгер университеттері туралы толық ақпаратты қосымшада).
  5. Білім туралы құжаттың орташа баллы 4,5-тен кем емес
  6. Білім туралы құжаттар:
  • Орта мектепті бітіргендігі туралы куәлік көшірмесі (түпнұсқасы және ағылшын тіліндегі расталған көшірмесі)
  • Ресми транскрипттер, кез-келген аяқталған жоғары білім дипломдары (түпнұсқасы және ағылшын тіліндегі расталған көшірмесі)
  • Бакадавр дипломының көшірмесі (магистрлік бағдарлама үміткерлеріне)- түпнұсқасы және ағылшын тіліндегі расталған көшірмесі
  • Төлқұжат көшірмесі (төлқұжат нөмірі, аты, суреті және аяқталу мерзімі анық көрсетілген болуы керек)
  • 082/у медициналық анықтамасы
  • Қосымшада көрсетілген нұсқа бойынша толтырылған шетелге оқуға бара жатқан ҚР азаматының толтырылған сауалнамасы.

Музыка және өнер саласындағы шәкіртақы үміткерлері келесі құжаттарды қоса салулары қажет:

  • Суретші, график және мүсіншілер: 3 еңбегінің суреті (жасалған уақытын көрсетіп);
  • Суретшілер, музыканттар (дирижерлер, композиторлар): 3 түрлі стильде жоғары сапалы жазылған музыка, (дирижерлер DVD ұсына алады), композиторлар 3 жазбасының түпнұсқасын берулері тиіс.

 

PhD бағдарламасына өтініш жасаушылар келесі құжаттарын тапсырулары қажет:

  • Зерттеудің толық жоспары (мин. 2 бет)
  • Магистратураны бітіргендігі туралы диплом көшірмесі (түпнұсқасы және ағылшын тіліндегі расталған көшірмесі)
  • Екі академиялық тұлғадан екі ұсыныс хат.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2015 ж. 30 сәуір

Құжаттар тізтікпеге салынады. Тізтікпе бетінде көрсетілуі тиіс: аты- жөні, мекен- жайы, тел., білім беру мекемесінің атауы, мамандығы.

Құжаттар файлдық папкаларда екі нұсқада (1 түпнұсқасы, 1 көшірмесі) және CD- дискте 1 нұсқада және келесі мекен- жай бойынша тек толық болған жағдайда қабылданады: Астана, Сол жағалау, Орынбор көш., Министрліктер үйі, 11 подьезд (өткізу бюросы).

Құжатарды ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық басқармасы жұмыс күндері сағ 10.00- 17.00 (13.00-14.30  – үзіліс ) қабылдайды, тел.: + 7 (7172) 742447.

Соңғы шешімді венгерлік жақ қабылдайды.

Қосымша ақпарат Халықаралық байланыс бөлімінде (бас ғимарат, 309а б.)

Қосымша 1 жүктеу

Қосымша 2 жүктеу

 

Без рубрики