2014-2015 оқу жылдары тәрбие жұмысы


2015 жылдың 6 мамырында «Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасында Ұлы Отан соғысының 70-жылдық Жеңісіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге студенттер мен кафедра оқытушыларынан басқа шетелдік Иорданиялық студентттер қатысты.

IMG-20150514-WA0012  IMG-20150514-WA0011

Мерекені кафедра меңгерушісі Оспанова Б.Р. құттықтау сөзбен бастады және  бұл мерекенің әр қазақстандықтың өміріндегі маңызын атап көрсетті.

IMG-20150514-WA0003  IMG-20150514-WA0015

ИС-14-1, МЕТ-14-2, ГиК-14-1, ОП-14-2 топ студенттердің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Әндер айтылып «Алия» (Шомытова Диана), «Елім ай» (Жакыпбек Куаныш), «Катюша» (Нурман Арайлылым); А.Т. Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасы бойынша сахналық көрініс (Балтабаев Ерден, Ром Даулетхан, Смагулов Арман) жасады; сценка из Оразалы Айбар «Отан» өлеңін оқыды, Хасен Дана және Сарсенов Ербол К.Симоновтың «Горят города» өлеңін оқыды. Концерттік бағдарламаның соңында барлық қатысушылар мен қонақтардың орындауында «День Победы» әні шырқалды.

____________________________________________________

Иорданиядан келген студенттермен және ИС-14-1п, МЕТ-14-2, ФЭМ-14-2 тобының студенттерінің қатысуымен 19 наурыз 2015 жылы кафедра оқытушылары ұйымдастырған «Әлем және еңбек мерекесі» атты Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шара жүргізілді. Осы топтың студенттері мерекенің тарихы, салт-дәстүрі, қазақ елінің ырымы жайлы таныстыру және қазақ ұлттық тағамдары мен концерттік бағдарлама дайындады.

DSC_1531            IMG-20150326-WA0000

Студенттер бір-бірімен әңгімелесіп, мереке тату да, жылы ниетте өтті. Иорданиядан келген студенттер өздерінің Қазақстаннан алған әсерлерімен, жаңа достарымен, біздің университтегі оқу жайында пікірлерімен бөлісті.

_________________________________________________

11 наурыз 2015 жылы кафедра меңгерушісі Оспанова Б.Р., кафедра оқытушылары Кишенова А.Ю., Тунгушбаева Б.К. ұйымдастырған, Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған, Қарағанды қаласы №36 орта мектептің 11 сынып оқушылары арасында «Лишь знанием жив человек, лишь знанием движется век» атты шығарма байқауы өткізілді.

Ең үздік шығармаға мақтау қағазымен марапатталған 11 сынып оқушылары Ибраева Анель және Муздыбай Айжан.

________________________________________________

20 ақпан 2015 жылы кафедра оқытушысы Баймульдина Б.М. басқаруымен МЕТ-14-3 тобында «Жастардың ҚР Президенті Н.А.Назарбаев Жолдауын жүзеге асырудағы рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

IMG-20150301-WA0016

Студенттер дөңгелек үстелдің тақырыбын талқылауда белсенді атсалысты. Атсалысқандар бүгінгі күні Қазақстан халқының алдында тұрған барлық мәселелерді жүзеге асыру тек жастардың қолында екенін айтып кетті.

IMG-20150301-WA0019

Бұдан басқа оқуға деген байыпты қатынас қажеттілігіне, міндеттеріне деген зерделі қатынасқа, белсенді азаматтық ұстанымға екпін жасалды. Өйткені, тек осымен студенттік жастар Қазақстан елінің зор жетістіктеріне өз, әзірше үлкен емес үлестерін қоса алады.

__________________________________________________

Бірінші семестрде кәсіби бағдарлау жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.

Өткен кезең бойынша кафедра өзіне бекітілген  ЖБ ОМ № 36  бірнеше рет болып, мектеп бітірушілермен әңгіме өткізді.

«Кәсіби бағдарлау жұмысын өткізу туралы» 20.12.2014 жылғы №775 бұйрығы негізінде маркетинг бөлімімен бірлесе отырып, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының 11-сынып  оқушылары арасында орыс тілінен Интернет- олимпиаданың І сырттай туры 28.12.2014 – 15.01. 2015 аралығында  өткізілді. Тіркелген оқушылар саны 79, оның ішінде қатысқандар саны 70 оқушы. Бірінші турға ОТ және М кафедрасы оқытушылары 50 сұрақтан тұратын тест материалын дайындады. Екінші турға 20 оқушы өтті.

Екінші турдың өткізілу мерзімі – 05.01.2015., өткізу орны – ҚарМТУ, 1 корпус, 502 аудитория; қатысушыларды тіркеу: 9.00 – 10.00; өткізілу уақыты: 10 -13 сағ.

_______________________________________

17.11.2014ж. оқытушы А.Ю. Кишенова №36 мектепте кәсіби бағдарлау жұмысының бірінші кезеңін өткізді. Директор С.Д. Изтилеуовамен кәсіби бағдарлау туралы келісім шартқа қол қойылды.

19.11.2014ж. «Жастар әлемі» СМҮ  ОТ және М кафедрасы ҚР Тілдер күніне арналған  мереке өткізді. Аталған іс- шара НВП-14-1, ГД-14-1, МЕТ-14-3, ГПР-14-1 топтарының студенттерінің күшімен ұйымдастырылды. Мерекеге 1-2 курс студенттері, ШТ және ҚТжәне М кафедраларының оқытушылары, кафедра меңгерушілері, Ш.Құдайбердиев атындағы Тілдердің үштұғырлығы орталығының қызметкерлері шақырылды.

DSC_7974  DSC_7979

ОТ және М кафедрасының 4 оқытушысы топ кураторлары қызметін атқарады:

Тұнғышбаева Б.К. -(Кафедра аға кураторы) – АРХ-14-3 кураторы Кишенова А.Ю. — АРХ-13-2 тобының кураторы Баймульдина Б.М. — АРХ-14-4 тобының кураторы Журавлева Л.Н. — ДИЗ-14-2 тобының кураторы

ОТ және М кафедрасында «Ораторское искусство» үйірмесі жұмыс істейді.

«Ораторское искусство» үйірмесіне қатысушылар тізімі:

12

Айына бір рет үйірме отырысы өткізіледі, онда студенттер шешендік өнерге байланысты тақырыптарға баяндама жасайды.

Біздің университет студенттері мен оқытушыларының дәстүрі – қаланың балалар үйіне қамқорлық жасау.

17 мамырда АРХ-13-4 тобының студенттері Н.К. Крупская атындағы облыстық балалар үйінде қонақта болды. Бұл іс-шара ОТ және М кафедрасының оқытушылары және студенттердің бірлесуімен өткізілді.

Бұл кездесуді тәрбиеленушілер де, студенттер де тосты: қамқорлық жасап, спорт алаңында кездесіп, сыйлық жасап, әңгіме өткізіп, яғни балаларға қуаныш сыйлау – басты мақсат болды.

Балалар спорттық ойындарға қатысып, тақырыптық викторинада өз білімдерін көрсетті. Ұсынылған сыйлықтар мен тәттілер балалар үшін тосын сый болды. Кездесуге барлығы риза болды. Бұл кездесу соңғы емес: жаңа жылда кездескенше!

SAMSUNG CAMERA PICTURES SAMSUNG CAMERA PICTURES

24.05.2014ж. Кафедра ПОҚ жалпықалалық сенбілікке қатысты.

SAMSUNG CAMERA PICTURES
18 наурызда ОТмМ кафедрасы «Наурыз»  мерекелік шара өткізді. Бұл мерекені үйымдастырып және белсенді қатысқан ГИК-13-1 тобының студенттері. Мерекелік кеште салт-дәстүр көрінісі қөйылды, жеке және топпен ән айтылды, күй мен билер орындалды, әр-түрлі сайыс өткізілді. Іс-щарада мереккенің түған тарихы туралы, отанымыздың табиғаты туралы  видеороликтер көрсетілді. Аяғында өткізушілер қатысушыларды дастархан басына шақырды. Іс-шараға жауапты оқытушылар Сейдахметова З.К., Тажибаева С.М., Тайгокова А.А.

Рашид Нурай. Жан сырым. Песня 1.  обряд

Акашева Жанар. Уйгурский танец. БТ-13-2  Балбырауын. Куй. ЭЭ-13-1.

Без рубрики