2017 жылдың 25 қазаны күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қарағанды мемлекекеттік техникалық университетінде «Сәулет» мамандығының ашылуына 20 жыл толуына орай көрме өтті.
Көрменің тақырыбы: «Болашақ Қарағанды сәулетші-студенттердің көзімен».
Қаламыз және білім ордамыз үшін маңызы зор шараға ҚарМТУ басшылығы, «Сәулет-құрылыс» факультетінің оқытушылары, студенттер мен магистранттар және облысымыздың танымал сәулетшілері, суретшілері, өнертанушылары қатысты. Көрмеге болашақ сәулетшілердің қаламызды көркейтуге қатысты сызба-суреттері қойылды. Оларда студенттер қаламыздың ескіден белгілі бірегей ғимараттарын көріктендіру, қайта жасау және одан әрі жетілдіру турасындағы ойларымен бөліскен. Көрмедегі ең құнды экспонат деп ұйымдастырушылар қолмен жасалған «Политехті қайта құру» дипломдық жобасын атады.
Шараны ҚР құрметті сәулетшісі Сергей Алексеевич Лебедев ашты. Ол ҚарМТУ университетінде «Сәулет» мамандығының ашылу тарихына тоқталып, Э.Г. Меликов, Э.И. Хидиров, Г.К. Наджарян, В.И. Дузь-Крядченко, проф. Л.Р. Золотарева, С.И. Мордвинцев, А.В. Титарев, Қарағанды облысының бас сәулетшісі — Қ.Ж.Жиембаев және т.б. сияқты қаламыздың белгілі сәулет ғимараттарын құрушы сәулетшілер мен университетіміздегі сәулет мектебін ұйымдастырушы ұстаздардың атын атап өтті.
Құттықтаушылар арасында облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Сағынтаевна Құдабаева, профессор, өнертанушы кандидат — Лариса Романовна Золотарева; ҚР Суретшілер одағының мүшелері — Наталья Ивановна Иванина, Лев Тихонович Кий и Александр Бойков, ҚР Құрметті сәулетшісі — Қайрат Жаскенұлы Жиембаев сөз сөйледі.