19 қазаннан бастап «Жастар Әлемі» жастар сарайында «Бірінші курс студенттерінің дебюті – 2021» таланттар байқауының факультетішілік кезеңі басталды


Бірінші курс топтары өз нөмірлерінде өнерлерін көрсетті.

Байқау дарынды балаларға келесі номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік береді: вокал, хореография, аспаптық нөмір, вокалдық-аспаптық нөмір, ерекше жанр.

Факультет деканатының, «Жас Орда» ЖА-ның өкілдері және шығармашылық клубтардың жетекшілері қатысушыларды бағалады. Ұйымдастыру комитетімен іріктелген нөмірлер және жүлделі орындарға ие болған топтар желтоқсан айында өтетін «Бірінші курс студенттерінің дебюті – 2021» таланттар байқауының финалына өтеді.

Без рубрики