2021 ж. 17 наурызында ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің қатысуымен 2020 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін онлайн-марапаттау рәсімі өтті


Асхат Қанатұлы өзінің құттықтау сөзінде барлығын лайықты марапатымен құттықтап, жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев айқындаған қазақстандық білім мен ғылымды дамытудағы басым міндеттерді шешудегі ҚР БҒМ жұмысының негізгі тәсілдері мен бағыттары туралы айтты.

Министрдің тапсырмасы бойынша Қарағанды техникалық университеті «ЖОО үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Атақ сертификаты мен төсбелгіге ҚарТУ-дың 8 жас дарынды ғалым оқытушысы ие болды:

— Аймағамбетова Раушан Жанатқызы;

— Бұзауова Тоты Мейірбекқызы;

— Достаева Ардақ Мұхамедиқызы;

— Клюева Елена Георгиевна;

— Кудрявцев Сергей Сергеевич;

— Нарембекова Айтбала;

— Никонова Татьяна Юрьевна;

— Щербакова Елена Петровна.

Биылғы жылы алғаш рет осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру объективтілігін арттыру үшін құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-режимде жүргізілді. Конкурс нәтижелері бойынша 2020 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» құрметті атағы иегерлерінің тізіміне еліміздің 48 ЖОО-нан 150 адам кірді.

Қарағанды техникалық университетінің ПОҚ мен студенттерінің сан мыңдаған ұжымы атынан осы құрметті атаққа лайықты ие болған оқытушыларымызды құттықтаймыз және оларға кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

 

 

Без рубрики