Қарқынды технологиялық даму дәуірінде сандық мәдениетті цифрландыру және қалыптастыру азаматтардың әл-ауқатын және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ерекше маңызға ие. Қазіргі уақытта Қазақстандағы экономика мен қоғамды қазіргі заманғы жағдайларға бейімдеу қажет. Қазақстанда цифрландыру мен цифрлық мәдениетті дамыту бойынша қабылданған мемлекеттік шаралар, цифрлық трансформацияны одан әрі дамыту үшін базаны қалыптастырды.
Іс-шараның басты мақсаты — шет тілдерін оқуға қызығушылық оята отырып, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру.
Тәрбиелік іс-шара«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.
Іс-шараға жауаптылар: шетел тілдері кафедрасының доценті Джантасова Д. Д., тәрбие жұмысына жауапты Изотова А. С., кафедра оқытушылары Абдыкаримова М. М., Цхай Н. Л.
Іс-шара ағылшын тілінде викторина түрінде өтті (Студенттер топ бойынша Қазақстандағы цифрландыру туралы сұрақтарға жауап берді)
Сонымен қатар студенттер Қали Ержан, Есенбаева Толқынай, Жұмагүл Нұржан, Мырзатхан Оспанбек «E-gov-тегі мемлекеттік қызметтер», «Қазақстандағы онлайн білім беру», «Интернет-технологияны күнделікті өмірде қолдану», «Онлайн концерттер» тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.
Біз басқа қатысушылармен онлайн оқыту платформалары, SmartCity, Digital Silk Road, қауіпсіз онлайн режимі және цифрландырудың артықшылықтары туралы талқыладық.
Zoom конференциясына 50 бірінші курс студенттері (ГПР 19-1, АРХ 19-4, МД 19-2, С19-2, Диз 19-2 топтары) және шет тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Қатысушылар сұрақтарға сауатты жауап берді және іс-шараға белсенді қатысты.