Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Өндірістік секторының консорциумдарына арналған гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.
Бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды ендіру үшін ғылыми ұйымдар және өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады. Бұл Гранттық бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру мерзімі үш (3) жылдан аспауы тиіс. Консорциум ғылыми ұйымдардан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) және экономиканың өндірістік секторынының бизнес өкілдерінен құралуы тиіс.
Гранттың максималды мөлшері 650 млн. теңгені құрайтын болады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жылғы 10 қазанда Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады.
Конкурстың шарттары мен талаптарымен толығырақ Жобанын www.fpip.kzсайтында «Инновациялық консорциумдар» бөлімінде таныса аласыз.
Үміткерлер Өндірістік секторының консорциумдарына арналған гранттарды алу үшін конкурстыңбарлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс.
Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс.
Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды.
Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.
Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты consortia@fpip.kz электрондық поштасы не- месе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 телефондары арқылы ала аласыз.
Нақтырақ мәліметті Ғылым департаментінен алыңыз.
(Бас корпус, 226 каб., тел. 56-68-22, ішкі нөмір 2226)