16.07.2021 ж.


«Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №346 бұйрығымен «Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 171 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы корпоративтік басқару кодексінде:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1.Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі — Кодекс) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі — Қоғам) қоғам ішінде және басқа да мүдделі тұлғалармен қарым-қатынастарда өз қызметі процесінде басшылыққа алатын қағидалар жиынтығы болып табылады.
Кодекс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді»;
50-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

  1. Директорлар кеңесінің құрамында тәуелсіз директорлардың болуы және қатысуы міндетті. Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс. Қоғамның директорлар Кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс. Тәуелсіз директорлардың саны қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін және Жалғыз акционерге әділ қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуға тиіс. Директорлар кеңесінің құрамы гендерлік теңгерімді сақтауы тиіс.

Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері субъективті пайымның жүзеге асырылуына қатер төндіруі мүмкін қандай да бір материалдық мүдделерден немесе Қоғаммен, оның басқаруымен немесе меншігімен қатынастардан еркін болып табылады.
Тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсібилігі мен дербестігі бар, жекелеген акционерлердің, атқарушы органның және өзге де мүдделі тараптардың ықпалынан еркін адам тәуелсіз директор деп танылады.
Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамның жарғысына сәйкес белгіленеді.
Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелерді талқылауға (қаржылық және қаржылық емес есептілікті дайындауға, мүдделілік болуына қатысты мәмілелер жасасуға, Басқарма құрамына кандидаттар ұсынуға, Басқарма мүшелеріне сыйақы белгілеуге) белсенді қатысады. Тәуелсіз директорларды Директорлар кеңесінің Аудит, тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі негізгі комитеттерінің төрағалары сайлайды, басқа комитеттерде олар мүше бола алады.
Тәуелсіз директор Тәуелсіздік мәртебесінің ықтимал жоғалуын қадағалайды және мұндай жағдайлар орын алғанда Директорлар кеңесінің төрағасын алдын ала хабардар етеді. Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасы тиісті шешім қабылдау үшін осы ақпаратты акционерлердің назарына дереу жеткізеді».
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын::
«56-1. Директорлар кеңесінің мүшелерімен-тәуелсіз директорлармен Шартты Қоғамның Басқарма Төрағасы — Ректор (Президент-Ректор) жасасады».

Без рубрики