«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% пакеті бар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 16.03.2022 жылғы № 99 бұйрығымен «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Әбілқас Сағыновтың аты берілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулысына сәйкес «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ-тың Жарғысына мынадай өзгерістер енгізілді:
- 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2020 жылғы 23 мамырдағы №335 бұйрығымен бекітілген «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жарғысының титулдық парағы (бұдан әрі – жарғы):
- Жарғының 1-тарауында:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі — Қоғам) осы жарғысы оның атауын, орналасқан жерін, қоғамды ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, оның органдарын қалыптастыру тәртібі мен құзыретін, оның қызметін қайта ұйымдастыру және тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелерді айқындайтын құрылтай құжаты болып табылады.»;
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоғамның атауы:
толық:
Мемлекеттік тілде – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Орыс тілінде – некоммерческое акционерное общество «Карагандинский технический университет имени Абылкаса Сагинова»;
Ағылшын тілінде – non-profit joint-stock company «Аbylkas Saginov Karaganda Technical University»;
қысқартылған:
мемлекеттік тілде – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ;
орыс тілінде – НАО «Карагандинский технический университет имени Абылкаса Сагинова»;
ағылшын тілінде – NPJSC «Аbylkas Saginov Karaganda Technical University».