Студенттердің ақпараттық танымдық іс-әрекетін қалыптастыру, сөйлеу біліктілігінің деңгейін анықтау және жастардың көшбасшылық қасиеттерін анықтау мақсатында, ҚР Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына орай, 2016 жылы 18 қарашада ҚарМТУ-да «Жастар Әлемі» студенттер Сарайында аймақтық жастар жобаларының студенттер форумы өтті.

Бұл ҚарМТУ-дың көктілділік Инновациялық орталығының орыс тілі мен шет тілі кафедраларының бірлесуімен ұйымдастырылған шара.
Форум негізінде студенттер мен магистранттардың еркін сөйлеу шығармашылығына ерекше мүмкіндіктер жасайтын,TED –жобаларды қорғау шарасы ұйымдастырылды.
Қорғауға 52 жоба ұсынылды,Қарағанды қаласының  әр                университеттерінен :ҚарМТУ,ҚарГУ,ҚММУ, «Болашақ» Академиясынан, халықаралық қатынастар,социалдық және саяси ғылымдар,медицина,техникалық мамандықтар,бизнесті оқитындар арасынан 8 ең жақсы кандидаттар таңдалды.
Жобалар қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде қорғалды.Орыс тілінде еркін сөйлейтін Индиядан,Иорданиядан,Ауғанстаннан келген студенттер  ерекше көзге түсті.Бұлар:Чахар Шивам,Вандья Ашиш(КГМУ) «Индиядағы демографиялық жағдай» жобасымен; 2-ші курс студенттері С-15-4 тобынан:Мохаммад Солайман,Тамир Аввад, «Шетелдегі оқу» жобасымен.
Жобалардың әртүрлілігін,яғни ғылыми баяндама, пайымдаулар, ұлы жазушылардың прозаларының оқулары және өз шығармаларын оқу сияқты жобаларды студенттік форумның көрермендері тамашалады.
Әрбір қатысушы өзінің өзгешелілігімен, дарынымен ерекшеленіп көрермендер жағымды эмоциялар алды.Залда түсінушілік пен достықтың атмосферасы билік алды.
Әрине ең қиыны-жеіңмпазды анықтау болды.Бұл кұқық әділқазылар мүшесін құраған: Оспанова Б.Р.-доцент,ҚарМТУ орыс тілі және шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, көптілділік Инновациялық орталықтың директоры; Какжанова Ф.А.-ф.ғ.к., Букетов атындағы ҚарМУ Шет тілдер кафедрасының доценті; Ибраева Б.М.-ф.ғ.к., «Болашақ» университетінің Шет тілдер және мәдениаралық коммуникация кафедрасының доценті; Калыбекова К.С.-ф.ғ.к., ҚарМТУ-ң қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті; Акишева Ж.С.-ф.ғ.к., ҚММУ-ң орыс тілі кафедрасының доценті.

Форум

Студенттер 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1-дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  • Қайратов Арман (КарГТУ, БЖД-16-1) — «Роботты техниканы модульдік құрастыру арқылы дәстүрлі емес энергия көздері» жобасымен;
  • Утпаева Лариса (КарГУ им. Е.А. Букетова, МО-14) — «Бизнес-проект с исследованием преимуществ мыла ручной работы перед другими видами мыльных продуктов» жобасымен;
  • 2-дәрежелі дипломмен мараматталғандар:
  • Чахар Шивам, Вандья Ашиш (КГМУ) — «Демографическая ситуация в Индии» жобасымен;
  • Дүйсембекова Мадина (КарГТУ, ФИЭМ-15-2) — «Өз күшіңді пайдалаң жобасымен»;
  • Шондыбай Асыл (КарГТУ, МЕТ-15-2к) — «Тәуелсіз Қазақстан 25 жыл жобасымен».

3-дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  • Мохамад Солайман, Тамир Аввад (КарГТУ С-15-4) — «Учеба за границей» жобасымен;
  • Сахаров Даниил (КарГТУ, ЭЭ-16-4) — «Проблемы трудоустройства выпускников вузов РК» жобасымен;
  • Тарихи Махаббат (КарГТУ, ГД -16-2) — «Қарттар үйі мен жетімдер үйін біріктіру» жобасымен;

Барлық форумға қатысушыларға белсенді қатысулары үшін грамоталар тапсырылды.

Без рубрики