Бұл күн 1942 жылдан бастап, республиканың жастары жинаған қаражатқа жасалған танктер колоннасы Қазақстаннан майданға жіберілген кезден бастап есте қаларлық болды
1941 жылы Шымкент Темір Жолының жас еңбекшілерінің бастамасымен бүкіл республика бойынша бір жыл ішінде танк колоннасын құруға жұмсалға ақшалай қаражат жиналды. 1942 жылы 15 қыркүйекте «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар 46 танк әскерилерге берілді. Жауынгерлік машиналар Ұлы Отан соғысының шайқастарына, оның ішінде Берлин маңындағы шайқастарға қатысты.
Бүгінгі таңда жауынгерлік әрекеттер тактикасындағы елеулі өзгерістерге және қару-жарақтың жаңа түрлерінің пайда болуына қарамастан, танктер әлемнің көптеген дамыған елдерінің әскерлерінің негізгі жауынгерлік құрамдас бөлігі болып қала береді.
Танк бөлімшелерінің тапсырмаларды сапалы орындауы көбінесе экипаждың шебер және үйлесімді әрекеттеріне байланысты, сондықтан танкистерді дайындауға көп көңіл бөлінеді. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасы офицерлер мен сержанттар кадрларының ұстаханасы болып табылады, ол биыл өзінің 70 жылдығын атап өтті.
Қазіргі уақытта әскери кафедраның танк циклінде студенттерге өздерінің мол әскери тәжірибелерін офицерлер: полковниктер Алаев А.А., Ахматов Т.К., подполковниктер Боранбаев Б.К. және Лузин Н.В., майорлар Пивненко В.В. және Тойбеков А.М. және т.б. беруде.
Олардың жетекшілігімен әскери кафедра курсанттары оқу-жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай орындайды, өздерінің кәсібилігі мен әскери шеберліктерін тынымсыз арттырады, қазақстандық танкист жауынгерлердің даңқты дәстүрлерін ұқыпты сақтап жалғастыруда.
Мереке құтты болсын, жауынгер жолдастар!
А. Нугманов,
«Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ»-дың тәрбие және
идеологиялық жұмыс бойынша әскери кафедра меңгерушісінің
орынбасары, подполковник