15.03.2022 ж. №17 ОМ оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті


15.03.2022 сағат 10:00, БЖТ кафедрасының бағдарлау жұмысы бойынша менеджер – Гаврилова М.А., БЖТ кафедрасының меңгерушісі м.а. – Қалиасқаров Н.Б., БЖТ кафедрасының оқытушысы Жұмамбетова М.А. №17 орта мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.

Кездесу 11 сынып, орыстілді (20 адам) және қазақтілді (12 адам) сынып түлектері үшін ұйымдастырылды.

Оқушыларға ақпараттық слайдтар ұсынылып, «Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасы туралы айтылды.

Сондай-ақ БЖТ кафедрасы және оқу бағдарламасы туралы бейнеролик көрсетілді, оқу үдерісін ұйымдастыру және университет құрылымы туралы ақпарат берілді.

Сұрақ-жауап түрінде диалог ұйымдастырылды.

Без рубрики