2.03.бастап 4.03.2020 ж. аралығында «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін студент жастар арасында 14 спартакиада» аясында ерлер мен әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті. Ерлер арасында жарыстар ҚарМТУ спорт кешенінде өткізілді. Команда құрамы 12 адам және 2 өкіл. Біздің студенттер мен ПОҚ қатарынан 150-ден астам жанкүйерлер тобы үш күн бойы жарысқа қатысты. ҚарМТУ құрама командасы күміс медальға ие болды (екінші орын).
Волейболдан әйелдер құрама командасы КМУ-да сәтті өнер көрсетіп (команда құрамы 12 адам және 2 өкіл) 5 орын алды.
ҚарМТУ спорт кешенінің теннис залдарында «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін студент жастар арасында 14 спартакиада»үстел теннисінен жарыс өтті. Біздің құрамамыз құрамында 3 ер және 3 әйел 2 орын алды.
2.03-4.03.2020 жылы ҚарМУ спорт кешенінде «Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін студент жастар арасында 14 спартакиада» шеңберінде футзал бойынша жарыстар өтті. 15 адамнан тұратын біздің құрама команда 3 орынға ие болды.