14 ақпанда «Жастар Әлемі» Жастар сарайында Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған іс-шара өтті


«Ауғанның асуында от кешкендер». Осындай атаумен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Өздеріңізге белгілі 15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Биыл бұл тарихи оқиғаға 35 жыл толып отыр.
Университетіміздің студенттерімен осындай тағы бір кездесу кезекті мерейтой қарсаңында «Жастар әлемі» жастар орталығында өтті.
Қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді «бір минут үнсіздікпен» еске алды.
Жиналғандарға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры Қызыров Қ.Б., интернационалист-жауынгерлер Эм Г.А., Жұматаев А.М., Маханов Н.К. сөз сөйлеп, студенттерге жауынгерлік ерлік, ержүректілік, жауынгерлер мен офицерлердің батылдығы туралы айтып, еліміздің «оңтүстік» шекарасын қорғай отырып, өздерінің халықаралық терроризмге қарсы күресте бірінші болып әскери борышын адал атқарғандарын айтты.
Кездесу соңында студенттердің концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, естелік суретке түсті.

Без рубрики