14 ақпанда «Жастар Әлемі» МО-да Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған іс-шара өтті


«Ауғанның асуында от кешкендер». Осындай атаумен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Өздеріңізге белгілі 15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Биыл бұл тарихи оқиғаға 34 жыл толып отыр.

Іс-шараға келген құрметті қонақтар мен қатысушыларға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма төрағасы—тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абай Қобыландыұлы Қалықов арнайы сөз сөйледі.

Сондай-ақ, кездесу кешінде майданда опат болған батырларды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Осы тұста айта кету керек, Ауған соғысына 20 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Олардың 924-і қайтыс болды, 484 – і мүгедек болып оралды; 21-і хабар-ошарсыз кетті. Ал, Қарағанды облысынан Ауған соғысына 2000-нан астам адам аттанды. Оның 86-сы майданнан оралмады.

Ал, кездесу кешіне арнайы шақырылған қадірменді қонақтарымыз, атап айтсақ:

Жұматаев Айтпай Мұхтарұлы («Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері), Афанасий Геннадий Григорьевич («Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері), Тоқтабеков Серғали Жұмағұлұлы («Жауынгерлік еңбегі үшін» жауынгерлік медалінің иегері), Маханов Нұрболат Кәрібайұлы («Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалінің иегері), Тынымбаев Қайрат Иранұлы («Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері),Ысқақов Еркін Рымбекұлы («КСРО Қарулы күштеріне-70 жыл» медалінің иегері), Краснюков Михаил Геннадьевич (Ауған соғысының ардагері), Мырзабеков Асылан Ыдырысұлы («Жауынгерлік еңбегі үшін» жауынгерлік медалінің иегері), Әбдірахманов Дәулет Нақыпұлы (әскери журналист) болды. Және олардың қатарында университетіміздің білікті қызметкерлері, Лузин Николай Викторович («Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері), Эм Геннадий Аркадьевич (Ауған соғысын ардагері).

Барлығының кеуделері ордендер мен медальдерге көмкерілген. Келген қонақтарымыздың әрқайсысы университеттің оқытушылары мен студенттеріне жүрекжарды лебіздерін білдіріп, сол жылдардағы есктеліктерімен бөлісті. Олардың естеліктерінің қызықты болғаны соншалық, студенттер белсенділік танытып, майдангерлерімізге көкейіндегі сұрақтарын қойды.

Без рубрики