2013 жылдың 5-6 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстанның дәнекерлеу институтының базасында 15-ші Республикалық ғылыми-техникалық «ДӘНЕКЕРЛЕУ және БАҚЫЛАУ» конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстанның дәнекерлеу өндірісінің мамандары, өнеркәсіптің бас дәнекерлеушілері, сапаны тексеру зертханаларының бастықтары, одан басқа оқыту орындарының оқытушылары қатысты.
Қазіргі уақыттағы дәнекерлеу өндірісі және осы саладағы бұзбай бақылау техникаларының сұрақтарына арналған 14 түсініктеме тыңдалды. Танымалы шет ел фирмаларының жаңа дәнекерлеу құрылғыларының перзентациясы және демонстрациясы болды.
«ЭСАБ – Казахстан» фирмасының мамандары Нурлан Ашимов және Давид Пак «ЭСАБ» (Швеция) фирмасының сандық программалық басқаратын жартылай автоматтарымен қорғағыш газ ортасында дәнекерлеуді көрсетті. «Фрониус» (Австралия) фирмасының инструкторы Джозеп Сайдер көп функциялық дәнекерлеуге арналған «Фрониус» фирмасының жартылай автоматтарының жаңа мүмкіншіліктерін ойдағыдай көрсетті. Конференцияға қатысушылар өздері осы жаңа құрылғылардың жұмыс істеуін көрді.
6 желтоқсанда қазақстандық және халықаралық стандарттар бойынша дәнекерлеу өндірісінің мамандарын даярлауға және аттестациалауға арналған өндірістердің бас дәнекерлеушілері және дәнекерлеу және бақылау зертханаларының бастықтарының арасында ақылдасу отырысы болды.