1-қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні болып белгіленіп, Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.


1-қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні болып белгіленіп, Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.
Бұл жаңа кәсіби мереке – Жоғары білім беру саласының қызметкерлері күні ұстаздық еңбектің маңыздылығын, ғылыми білімнің құндылығын және жоғары оқу орындарының ел дамуындағы рөлін айқын көрсетеді.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Смагулова Нұрбибі Абсадыққызының басшылығымен «Рахмет» волонтерлік еріктілер клубының мүшелері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында университетіміздің құрметті ардагер ұстаздары Ынтықов Тоқмырза Смағұлұлы, Кажикенова Сәуле Шарапатқызы мен «Механика» кафедрасының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіз тілектерін білдіріп, ардагер оқытушылардың еңбек жолымен танысып қайтты.

Жауапты: Умирбекова Г.Ш.

Қамтылуы: 50 студент

 

Без рубрики