«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Жалғыз акционер (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 09.02.2024 жылғы №55 бұйрығымен:
— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелері Қайсабаев Руслан Бағланұлы, Ибатов Марат Кеңесұлы өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды;
— Қоғамның Директорлар кеңесінің 6 (алты) адамнан тұратын сандық құрамы анықталды;
— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары Апиев Дархан Әбдумәжитұлы сайланды;
— Апиев Дархан Әбдумәжитұлының өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен аяқталады.